АймақЖаңалықтарҚоғамТехнология

«SHYMQALA»  ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ ТУРИСТЕР ҮШІН ТАПТЫРМАС ОРЫН  

 «SHYMQALA»  ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ ТУРИСТЕР ҮШІН ТАПТЫРМАС ОРЫН  
       Шырайлы Шымқаламыздың төрінде ағымдағы жылдың 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында  үшінші мегаполисте «Shymqala» этноауылы тарихи-мәдени кешені ашылған болатын.  Аталған орталықтың салтанатты  ашылу рәсіміне  қала әкімі Мұрат Әйтенов пен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысқан.  Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағында көшеттер егіп, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызып, қаланың көрін ашатын тарихи-мәдени кешеннің  қаламызға келетін туристер үшін ерекше орын екенін  мақтанышпен жеткізді.  Қаламыздағы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова келген қонақтарды қарсы алып, кешеннің тыныс-тіршілігімен  таныстырды.Мәдени-тарихи кешенде қала тұрғындары мен қонақтары үшін  ұлттық аспаптар, қолөнер бұйымдары, кілем-тоқыма бұйымдары шеберлеріне бөлінген киіз үйлерге бас сұғып, шеберлердің жұмыстарымен танысты. Этноауылда бұған қоса алып тайқазан, киіз үй үлгісіндегі концерт залы, қолөнершілердің көрме бұйымдарын тамашалай алады.  Этноауылда күнделікті мәдени іс-шаралар, қолөнер шеберлерінің көрмесі, қойылымдары өтіп тұрады.  Туристер үшін қаламызға «Visit Shymkent»  ақпараттық орталығының мамандары кешеннің тарихымен кең көлемде таныстырып, экскурция жұмыстарын жүргізуге әзір.  Қала тұрғындары мен қонақтары шырайлы қалаға атбасын бұрған кезде  «Shymqala» этноауылын тамашалауға келеді.  Осылайша қаламыздың көрікті жерлері тағы да бір тарихи кешенмен толықты. 

«Visit Shymkent» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС

Алдыңғы

ШЫМКЕНТКЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 6364 АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *