АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ЖЕРЛЕСТЕРІ ЗОР ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

       Шырайлы қаламызда  спорт саласында тың жаңалықтар көп-ақ. Қаламыздың саңлақ спортшылары  каратэден XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Дархан Асаділов пен Софья Берульцева туған жерге оралып, жерлестері жарыс жеңімпаздарын зор қошеметпен қарсы алды.   Шымкент қаласының халықаралық әуежайында жеңімпаз спортшыларды жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.
  Саңлақ спортшыларымызды күтіп алуға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ғаламдық бәсекеде жүлдегер атанған спортшыларды әуежайдан қарсы алып, жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтап, еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды мәңгі көкте желбірете беруге тілектестік білдірді.  Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтағанын, алдағы дүбірлі додаларда одан да жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі.  Қала әкімі сайыпқыран спортшыларға демеуші азаматтардың атынан темір тұлпардың кілтін табыс етті.  Айта кетсек, Токио Олимпиадасында Шымкент қаласынан 10 спортшы бақ сынаған болатын. Каратэ спортынан Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Алдыңғы

ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫНА ҰЛТТЫҚ КӘДЕСЫЙЛАР ТАРТУ ЕТІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *