АймақӘдебиетБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ МЕРЕКЕСІ БАСТАУ АЛДЫ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кемеңгер тұлғасы  Хакім Абай Құнанбаевтың шығармаларын  кең көлемде дәріптеу мақсатында 10 тамыз күнін Абай күні деп белгілегені есімізде. Бүгін Хакім Абай атамыздың туған күні. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осынау айтулы мереке қарсаңында шырайлы қаламызда  қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл рәсім кемеңгердің туған күніне орай ұйымдастырылды.  Салтанатты шараға қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова, ақын, абайтанушы Абай Қалшабек және басқалар қатысты.
-Ұлы философ, ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде өміршең құнды мұралар қалдырды. Қай шығармасын алсақ та, халқын білім-ғылым іздеуге, қоғамды өркендетуге шақырған әдеби еңбектері, адамзатты сүю мен ой тазалығы туралы пікірлері өзектілігін жоймайды. Ғылым таппай мақтанба өлеңінің өзі қандай?! Бала кезімізде оның мәнін, құндылығын дұрыс түсінбедік. Жаттап айтқанымыз есте. 9-10 сынып оқығанда ғана терең мағынасын білдік. Сондықтан Абай мұрасы әлі де зерттелу керек,-деді Бахадыр Нарымбетов.
Қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенованың айтуынша, Абайдың туған күніне арналған 12 іс-шара карантин талаптарын сақтай отырып, күні бойы жалғасатынын айтты.

КАРАНТИН ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ASHYQ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *