АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ASHYQ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

«Қоңыр қызыл» аймақтағы Шымкент қаласында Ashyq жобасына қатысушылардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылды.  ҚР БМСД 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес, 9 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне сағат 22.00 -ге дейін, ал «Ashyq Лидері» мәртебесі бар объектілерге 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Эпидемиологиялық бағалау матрицасына «қоңыр қызыл» аймақ енгізілгеннен кейін Ashyqқа қатысушыларға, соның ішінде Ashyq лидерлеріне де демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кәсіпкерлерге бұл тыйым 16 тамызға дейін сақталатынын түсіндірді. Алайда 9 тамыздан бастап бизнес нысандарының жұмыс күндері жұмыс істеу уақыты қайта қаралды.  «Бүгінгі таңда Шымкентте Ashyq жобасына 7446 қатысушы тіркелген, Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында Ashyq жобасының 1101 қатысушысының тізімі, сондай-ақ 21 «Ashyq жобасының Лидері» тізімі орналастырылған, 0 chek-in үшін 51 QR код деактивация жасалған. Республикалық қаулы талаптарын ескере отырып, 9 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысушыларға Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 9 тамыздағы №27 қаулысымен жұмыс уақытын екі сағатқа, яғни сағат 22:00-ге дейін, ал «Ashyq» жобасының лидерлеріне 00:00-ге дейін ұзартты. Келіссөздер жүргізу және негізделген хат алмасу арқылы, бұрынғы қаулымен тыйым салынған кейбір бизнес нысандарының Ashyq жобасында жұмыс істеу мүмкіндігін шештік», — дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ МЕРЕКЕСІ БАСТАУ АЛДЫ

Алдыңғы

ИСЛАМ ДІНІНДЕ ЕКПЕ ЖАСАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҒАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *