АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

ТУРИСТІК САЯХАТ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР -ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ 

ТУРИСТІК САЯХАТ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР -ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ 
  Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының бастамасымен  «Тау шатқалындағы қауіпсіздік және суда шомылу ержелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған семинарға қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, «Альпенизм және спорттық туризм федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері мен гид-экскурсоводтар арнайы қатысты. Аталған шара — белсенді туризм барысында оқыс оқиағалардың алдын- алу, қауіпсіздік жұмыстарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.  Тренинг барысында төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы көмек мәселелері сөз болды. Сондай-ақ саяхаттаудың барлық ережелерді атап айтқанда, тау шатқалындағы соқпақтарға төтеп беру, саяхатқа шықпас бұрынғы маңызды қадамдар, суға шомылудағы қауіпсіздік ережелері, саяхат барысындағы толық қажеттіліктер мен жарақтар туралы кеңінен түсіндірілді.  Іс-шараға қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұтымды жауап алып, пікір алмасты. 

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ  АЙМАҚТАР ДАМУДА 

Алдыңғы

«АШЫҚ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *