ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазқстан халқына арнаған жолдауына сәйкес мемлекет туризм саласын дамыту бойынша біршама жұмыстарды сәтті атқарылуда. Бұл бағытта Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласының ішкі туризмі де қарқынды дамып келеді. Шымкент қаласы таяу уақытта Оңтүстік өңірдің тірек туристік орталығы атануы әбден мүмкін. Бұл жаңалықпен қалалық туризм басқармасының мамандары бөлісті. Шымкент қаласының ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегмент болу үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Атап өтсек, қалада 111 туристік нысан, 135-ке жуық қонақ үйлер, 1647 қоғамдық тамақтану орындары, 21 аквапарк, 6 театр бар. Мәселен өткен жылдармен салыстырып қарайтын болсақ, 2018 жылы келушілер саны 178 мың адамды құраса, 2019 жылы 215 951 , 2020 жылы келушілер саны 205313 . Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 69733 келушіні құрайды. Жылдың соңына қарай үлкен өсім күтілуде.
«Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының өкілі Нұр-Сұлтан қаласынан келген спортшыларға қаланың туристік нысандары жайында ақпарат берді. Күнделікті Шымкент қаласына республикамыздың түрлі аймақтары мен алыс-жақын шетелдерден туристер атбасын бұрады.
Жексенбі таңында қаламызға бір топ гандбол ойыншылары келіп жетті.
Бір топ жастардан жасақталған спорт құрамасы Шымкент теміржол вокзалында орналасқан «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының дүңгіршегінде болып, қызықты мәліметтерімен алып, шырайлы қаланың тарихымен танысты. «Visit Shymkent» отандық әрі шетелдік саяхатшыларға үздіксіз қызмет көрсетуге дайын.
Comments