ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ «ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ «ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛДЫ.

COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында талай оң істер атқарылуда. Соның бірі — үшінші мегаполис — Шымкент қаласындағы 785 білім беру ұйымының педагогтары 100% вакциналаудан өтті. Сонымен қатар, 106.0 млн теңгеге санитарлық гигиеналық жабдықтар алынды. Білім беру ұйымдарында ата-аналар арасында балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында вакциналаудан өту қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, барлық мемлекеттік білім мекемелеріне бүгінгі таңда «Ashyq» жүйесі арқылы кіріп-шығу жүзеге асырылуда. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100 пайызы QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша жұмыс істеуге бар мүмкіндік жасалған. Әрбір тиісті орын «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алуы тиіс, сонымен бірге телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек. Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін QR-кодын сканерлеу қажет. Сонда экрандағы статуста көк, жасыл, қызыл немесе сары түс  көрінетін болады. Осыдан телефон иесінің екпе салдырғаны немесе салдырмағанының бәрі көрініп тұрады.

МОБИЛОГРАФТАР АРАСЫНДА ӨТКЕН БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алдыңғы

«Visit Shymkent» ОТАНДЫҚ ӘРІ ШЕТЕЛДК САЯХАТШЫЛАРҒА ҮЗДІКСІЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН .

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *