Басты ақпаратТехнологияЭкономика

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Шымкент қаласын 2023 жылға дейінгі кешенді дамыту жоспарына сәйкес Қайнарбұлақ елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы қарқынды жүруде. Жоба құны – 2,195 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Turan Energo Group» тарапынан электр бағаналарын орнату жұмыстары жасалып жатыр.
Нысан құрылысы 2022 жылдың II тоқсанында толығымен аяқталып, Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Сонымен бірге, аталған елдімекенді табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.

Бұл күнде Шымкент қаласы тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі . Жыл соңына қала тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында түрлі  жұмыстары жүргізілуде. Қала маңындағы Бозарық, Асар-2 және тағы басқа шағын аудандар электр қуатымын толық қамтамасыз етілген.

Сұхбат

Алдыңғы

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *