Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай медициналық мекемелердің ашылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов тәулік бойы жұмыс істейтін “Виктория” оңалту орталығының ашылуына қатысты. Бұдан былай ауруханадан шыққан науқастар енді бірден оңалту емін қабылдай алады. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан оңалту орталығының қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Жаңадан ашылған емдеу мекемесі 120 орынға лайықталған. Мұндағы қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі. Нақтырақ айтқанда, орталықта неврологиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, травматологиялық бейіндегі және күндізгі стационарда 18 жастан асқан науқастарды қалпына келтіру және медициналық оңалту емдері жүргізіледі. Бұл орталықтың ерекшілігі, ауруханадан шығарылған науқастар кедергісіз ем қабылдауға мүмкіндігі бар. Орталықтағы медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ, мұнда медицина қызметкерлері үшін 120 жұмыс орны ашылған. Мереке қарсаңында ашылған оңалту орталығы қала тұрғындары үшін тамаша сый болғаны анық. Өйткені, халық денсаулығы бәрінен қымбат.
Comments