Шырайлы қалада салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту барысында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Спорттың қай түрінен болмасын қаламыздың сайыпқыран спортшылары жүлделі орындардан көрініп келеді. Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Бауыржан Қалмұхамедұлы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы жайында баяндады.»Әлемдегі пандемиялық жағдайға байланысты 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада биылға ауыстырылған болатын. Осыған орай ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Бұл байрақты бәсекеге ҚР Ұлттық құрамасы сапына енген Шымкенттік спортшылар қызу дайындық үстінде. Бүгінде өңірдің спортшылары 11 жолдаманы жеңіп алды. Сонымен қатар, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетін ХVІ Жазғы Паралимпиадаға Роман Агалаков жүзу спорт түрінен жолдама алды, – деді басқарма басшысы. Баспасөз барысында Бауыржан Қалмұхамедұлы басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар жайында мәлімет берді. «Жыл басынан бері спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 324 690 адамды (30,6%) құрады. Жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қаладағы мектептер арасында спорт түрлерінен (футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) «Шымкент жастар лигасы» өткізілді. Оған 4 спорт түрі бойынша 140 мектептің 536 командасы қатысты», – деді спикер. Сонымен қатар, жыл басынан бері қала спортшылары ел чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 364 алтын, 260 күміс, 312 қола медаль жеңіп алды. Ал Азия чемпионаттары мен кубоктарында 5 алтын, 7 күміс, 4 қолаға қол жеткізсе, әлемдік деңгейде 4 алтын, 6 күміс және 12 қола жүлдеге ие болды. Айта кетейік, осы жылдың 6 айында 4 – халықаралық, 98 – ҚР спорт шебері, 140 спорт шеберіне үміткер дайындалу үстінде
Comments