Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық кеңестің төрағасы Есенбек Серкебаевтың басшылығымен «Ұлт денсаулығы мәселелері жөнінде»-атты қоғамдық кеңестің жиналысы өтті. Қоғамдық кеңестің отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Қоғамдық кеңестің алдыңғы отырысындағы ұсыныстардың орындалуы жөнінде және №1 емханаға, №2-ші ауруханаға, қалалық перзентханаға және «Ана мен бала» орталығына күрделі жөндеудің орындалуы жөнінде және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының есебі тыңдалды. Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 6 дене шынықтыру – сауықтыру кешендерін салу, 6 стрит-воркаут ашу, 73 спорт алаңдарын ашу, барлық шағын аудандарда спорт секцияларын ашу, қалада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін 28,6% дан 33% ға дейін жеткізу бойынша және «Металлург» стадионын, металлургтер саябағын қайта құру жөнінде Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының есебін тыңдалды. «Ана мен бала» орталығы және №2-ші қалалық ауруханаға күрделі жөндеудің орындалуы жөнінде Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың есебі кеңес мүшелері тарапынан қызу талқыға түсіп, егжей-тегжейлі сұрақтар беріліп, зерделенді. Өткен мамыр айының 25 мен 26 күндері аталған медициналық нысандардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысына, олардың медициналық, техникалық жабдықталуымен танысу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында кеңес мүшелері бірқатар кемшіліктерді анықтаған болатын. Кемшіліктерді жою мақсатында Қоғамдық кеңес төрағасы Е.С.Серкебаев Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанға арнайы хат жолдаған болатын. Орын алған кемшіліктердің жойылып, ретке келтірілуін бақылау мақсатында үстіміздегі жылдың қыркүйек айында аталған медициналық нысандарға тағыда көшпелі іс-шара өткізілетін болды. Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұманбаев Бауыржан Қалмұхамедұлының есебі тыңдалып, кеңес мүшелері тарапынан жаппай қызу талқыға түсті. Әсіресе спорттық инфрақұрылымды дамыту мен барлық шағын аудандарда спорт секцияларын ашу жұмыстары қаралды. «Металлург» стадионын және металлургтер саябағын қайта құру бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын зерделеу мақсатында тамыз айында көшпелі іс-шара өткізілетін болып шешілді.
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
38 рет оқылды
Comments