Мәдениет

Көкбөріге арналған әлемдегі ең үлкен ескерткіш Ұлытауда орнатылған

Көкбөріге арналған әлемдегі ең үлкен ескерткіш Ұлытауда орнатылған.

Түркі халықтары үшін қасиет пен киенің, қайсарлықтың символы саналатын Көкбөріге арналған мүсіннің салмағы — 2 тонна, тұғырымен қоса есептегендегі салмағы – 5 тонна шамасында екен.

Еңселі ескерткіштің биіктігі – 9,70 метр, оның ішінде мүсіннің биіктігі – 6 метр, ал тұғыры — 3,70 метр.

«Ұлытаудың Көкбөрісі» деген атау берілген ескерткіш Ұлытаудан 35 шақырым жерде – Жезқазғанға апаратын жол бойындағы «Күмісбұлақ» демалыс орны аумағында орнатылған.

Идея авторы әрі мүсіншісі – Еуразия Дизайнерлер одағының мүшесі Амантай Меңдіғалиев.

Ескерткіш 2020 жылдың желтоқсан айында ашылған.

Мадина Сабыр 

«Фолиант» баспасынан бір айда бірнеше қазақ кітабы жарыққа шықты

Алдыңғы

«Жақсының аты, ғалымның xаты өлмейді…»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *