Жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін қала әкімдігінде Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жиынға қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және қала активі қатысты.

Басқосуда Президент Жолдауында көтерілген экономикалық өркендеу, әлеуметтік тұрақтылық, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, өндірісті өркендету және адами капиталды арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қала әкімі өз сөзінде Жолдауда жүктелген міндеттердің барлығы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтіп, оларды жүзеге асыруда әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі маңызды екенін жеткізді.

Жиында Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Әбдез Рахманұлы, қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Сәбира Адамбекова және басқа да азаматтар сөз сөйлеп, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Талқылау барысында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, білім мен ғылымды дамыту, адами капиталдың сапасын арттыру, сондай-ақ қала тазалығын сақтау және тазалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды.

Мұндай кездесулердің маңызы зор. Өйткені Жолдауда белгіленген міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттардың, кәсіпкерлік қауымдастық пен қала тұрғындарының өзара ықпалдастығы қажет. Әрбір ұсыныс пен бастама нақты іске ұласқанда ғана ортақ мақсатымызға қол жеткіземіз.

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *