ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

АБАЙ АУДАНЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Шымкент қаласының Абай ауданында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Негізгі мақсат – тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен сапасын арттыру.

Қазіргі таңда ауданда жалпы ұзындығы 1080 шақырымды құрайтын 1274 көше бар. Оның ішінде 1233 көшеге асфальт төселген. Асфальт жолдардың жалпы ұзындығы 1054,7 шақырымды құрап, аудан көшелерінің 96,8 пайызы асфальтталған.

Жол сапасын жақсарту – қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. Инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамыту көлік қатынасын жеңілдетіп, елді мекендердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар қала аумағын абаттандыруға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

САУРАНДА ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Алдыңғы

КАЗАХСТАНСКИХ САЙГАКОВ ПОКАЗАЛИ НА БРИТАНСКОМ ШОУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *