Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВТЫҢ ЖАҢА КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ: НЕГІЗГІ ӨЗЕК — ЕҢБЕК АДАМЫ

Қоғамда еңбек культін қалыптастыру, қарапайым жұмысшы мамандардың қоғамдағы мәртебесін арттыру және реформалар аясында еңбек адамдарының құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың негізгі діңгегі. Осы бағытта Шымкент қаласында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты жаңа ғылыми-аналитикалық еңбегінің салтанатты тұсаукесері өтті.

Ел дамуының стратегиялық бағыттары мен іргелі өзгерістері сарапталған бұл алқалы жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, сарапшылар, қоғам белсенділері мен білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақ өкілдері қатысты.

Алқалы жиында сөз алған Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев өндіріс пен әртүрлі салаларда жүрген мыңдаған еңбек ұжымдары мен қарапайым жұмысшылардың атынан пікір білдіріп, бұл еңбектің ең басты құндылығы – Еңбек адамының мәртебесі мен орнын айқындап бергендігінде екенін ерекше атап өтті.

Өз сөзінде Бауыржан Ілімшаұлы автордың мемлекеттік басқару, саясаттану, стратегиялық талдау және ұлттық қауіпсіздік саласындағы мол тәжірибесіне тоқталып, ұсынылып отырған кітапты елімізде жүріп жатқан күрделі реформалардың ішкі логикасы мен философиясын ұғынықты тілде ашып беретін құнды бағдарлама деп бағалады.

«Еңбек адамының құқығын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және лайықты жалақымен қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты формуласы. Қоғамда патерналистік, масылдық көңіл-күйден арылып, адал маңдай терді, кәсібилік пен еңбексүйгіштікті ту етуіміз қажет. Кітапта көрсетілген идеологиялық бағыттар еңбек ұжымдарының болашаққа деген сенімін нығайтады.»

Сонымен қатар ол еңбекте адами капиталды дамыту, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірістік қауіпсіздік мәселелерінің заңнамалық әрі институционалдық деңгейде көрсетілуі еңбек ұжымдары үшін зор қолдау екенін жеткізді.

Жиын соңында Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Алтеев Мәулен Әшімбаевқа Шымкент шаһарына арнайы келіп, мазмұнды еңбегін өзі таныстырғаны үшін шынайы алғысын білдіріп, бұл кітаптың еңбек ұжымдары мен жастарға үлкен ой салып, қоғамда оң серпіліс тудыратынына сенім білдірді. Мұндай сараптамалық еңбектер елдегі әлеуметтік әріптестікті нығайтудың және адал еңбек құндылығын дәріптеудің берік негізі болмақ.

ШЫМКЕНТТЕ №3 ОРТАЛЫҚТА 10 КҮНДІК ІС-ШАРА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ШКОЛА ПРОФСОЮЗНОГО ЛИДЕРА ФПРК: В ШЫМКЕНТЕ РАЗЪЯСНЕНЫ ИЗМЕНЕНИЯ В ТРУДОВОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *