ӘлеуметҚоғам

ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚ: Әлеуметтік саланың еңбек ардагерлері ұлықталды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» балалар орталығы» КММ-нің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы дайынған «Қарттарым — асыл қазынам» іс-шарасына қатысып, асылдың кені, өмірдің мәні – ардақты қарттарды құттықтап, зейнеткерлік жасқа келген еңбек адамдарын «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерімен марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады.
Іс-шара барысында еңбек ардагерлерінің қоғамдағы орнына ерекше мән берілді. Бірнеше онжылдық бойы өз саласында табанды еңбек еткен азаматтардың тәжірибесі кейінгі буын үшін маңызды өнеге болып саналады. Әсіресе әлеуметтік қорғау саласында қызмет ету үлкен жауапкершілікті, адамға деген жанашырлықты және кәсіби төзімділікті талап етеді. Бұл сала мамандары күн сайын түрлі әлеуметтік жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетіп, балалар мен отбасыларға қажетті көмек ұйымдастыруға атсалысады.
Еңбек ардагерлерін құрметтеу – олардың өткен жылдардағы еңбегін бағалаумен қатар, қазіргі қызметкерлерге еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастырудың бір жолы. Жас мамандар үшін аға буынның жұмыс тәжірибесі, жауапкершілігі мен өз міндетіне адалдығы үлкен мектеп. Сондықтан мұндай кездесулерде ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, еңбек жолы туралы әңгімелерді кейінгі буынға жеткізуге мүмкіндік мол.
Бүгінде еңбек адамының беделін арттыру, маңдай термен жетістікке жетудің маңызын түсіндіру қоғам үшін өзекті бағыттардың бірі. Адал еңбектің қадірін арттыру арқылы масылдық пен дайын дүниеге тәуелді болу көзқарасын төмендетуге болады. Әр азаматтың өз кәсібіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігін арттыруға ұмтылуы отбасы мен қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді.
Кәсіподақтардың бұл бағыттағы жұмысы еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік ахуалды жақсартумен де сабақтас. Қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек жағдайларын жақсартуға ықпал ету, еңбек адамын ынталандыру – кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттары. Ал еңбек озаттарын арнайы төсбелгімен марапаттау олардың кәсіби жолына берілген құрметтің нақты көрінісі.
Шымкенттегі әлеуметтік сала қызметкерлерінің басын қосқан бұл кездесу еңбекке адалдықтың, үлкенге құрмет пен кейінгі буынға үлгі көрсетудің маңызын тағы бір мәрте айқындады. Еңбекпен келген абырой – уақыт өте келе кейінгі ұрпаққа қалатын құнды өнеге.

НАМ ЕСТЬ НА КОГО РАВНЯТЬСЯ: МАСТЕР СЦЕНЫ И ЧЕЛОВЕК С БОЛЬШОЙ БУКВЫ

Алдыңғы

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕЛЕР БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *