Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру, Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтау және алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қала аумағындағы бірқатар мемлекеттік органдар мен мекемелерде маңызды ағартушылық кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесулер барысында мемлекеттік қызметшілерге «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» ұлттық тұжырымдамаларының басымдықтары мен қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.
Қыркүйек айының есептік кезеңінде барлығы 12 кездесу өткізіліп, оған 352 мемлекеттік қызметші мен сала маманы қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депаратменті












Comments