ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Қаладағы Арбат алаңында «Халық заңгері» акциясы аясында тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді. Акцияға қалалық басқармалардың, әкімдіктердің мамандары, заңгер-консультанттар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен прокурорларды қоса алғанда, 40-қа жуық маман қатысты. Олар тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша тегін кеңес берді.

– Шымкент тұрғындары түрлі мәселелер бойынша жүгінеді. Алайда ең көп қойылатын сұрақтар тұрғын үй және жылжымайтын мүлік құжаттарын рәсімдеуге қатысты. Сондай-ақ, кибералаяқтық, алаяқтық және дропперлік мәселелері де жиі көтеріледі. Өйткені қазір бұл өте өзекті тақырыптар және адамдар мұндай жағдайларға жиі тап болады. Бұдан бөлек, алимент өндіруге көмек сұрап жүгінетіндер бар.
Кейбір азаматтарға барлық құжаттарымен аудан прокуратурасына келуді ұсынамыз. Сол жерде туындаған мәселелерді нақты әрі жан-жақты қарастыруға мүмкіндік бар. Бір күннің өзінде аудан прокуратурасына түрлі мәселелер бойынша шамамен 30 адам жүгінеді, – дейді Әл-Фараби ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Мерей Айжанова.

Акцияға қатысушылар қала тұрғындарына оларды қызықтырған барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Қала тұрғындары адвокаттардан, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандарынан кеңес алды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін түсіндірді.
Ал, тұрғындар тарапынан ең көп қойылған сұрақтардың бірі – көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары мен үйлерге жақын аумақта кәсіпкерлік нысандарын салуды жоспарлаған коммерсанттар арасындағы жер дауларын шешуге қатысты болды.
«Халық заңгері» акциясы бірнеше жылдан бері қазақстандықтарға заңгерлік қызметтерді толығымен тегін көрсетіп келеді. Оның басты артықшылықтарының бірі – азаматтарға көптеген мекеменің табалдырығын тоздырып, бір кабинеттен екіншісіне барудың қажеті жоқ.

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ЭТНОПОЗНАВАТЕЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТЕКЕМЕТ FEST»

Алдыңғы

В Шымкенте прошла общереспубликанская акция «Народный юрист»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *