Сауран ауданының Теке ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа нысан — ауданның төрт елді мекеніндегі өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бекеттің жауапкершілік аймағына 6 463 тұрғыны бар төрт елді мекен кіреді. Тұрақты кезекшілік пен қажетті өрт сөндіру техникасы — өрттерге және басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұл нысан еліміздегі «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған 285-бекет. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өрт сөндіру бекетінің толыққанды жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық база құрылған. Қазіргі таңда нысан қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, Төтенше жағдайлар департаментінде бастапқы даярлықтан өткен жеке құраммен жасақталды.












Comments