Жаңалықтар

Жұмыс режимінің сақталуын бақылау мәселелері

Жұмыс уақыты режимі еңбекті ұйымдастырудың маңызды сұрақтарының бірі болып табылады. Қызметшілердің демалыссыз (тиісті үзілістерсіз) ұзақ уақыт жұмыс істеуі олардың моральдық және психологиялық жағдайына әсер етіп, өндірістік шаршауға алып келетіні сөзсіз. Жұмыс уақыты режимін сақтау керісінше өнімділік деңгейін көтеруге, оның ішінде әр мекеменің тиімді жұмыс істеуіне тікелей әсер ететінін атап өту қажет.
Осы орайда, мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленген. Шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн. Бұл жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.
Жекелеген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Үстеме жұмысқа жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмағандар және мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді.
Өз кезегінде, мемлекеттік органдар жұмыс барысында жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын қатаң сақтап, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылу деректеріне жол бермеулері тиіс.
Осы орайда, бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оның бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, осы бағытта ауқымды жұмыстарды жүргізуде.
Аталған жұмыстардың бірі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларының және №120 бұйрығымен Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидаларының бекітіліп, ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап қолданысқа енгізілуін ерекше атап өткен жөн.
Осы орайда, бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері бұзушылықтарды алдын-алу, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, олардың бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, осы бағытта ауқымды жұмыстарды жүргізуде.
Бұл ретте, 2026 жылдың 1 жартыжылдығында  жұмыс уақыты режимінің сақталуына 31 мемлекеттік мекемеде мониторинг жүргізіліп, нәтижесімен 137 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, оларға тынығу уақыттарының берілуі қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

ОТ ЦИФРОВИЗАЦИИ УСЛУГ — К ЭКСПОРТУ ТЕХНОЛОГИЙ

Алдыңғы

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ОҚЫРМАНДАРМЕН ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *