Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың зиянды салдары туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Esti Bol Qory» қоғамдық қорының төрағасы Ақтаев Ж.Б. және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Кипчакбаева Г.Б. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында есірткіге тәуелділіктің адам денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсері, нашақорлықтың алдын алу жолдары және жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуының маңыздылығы талқыланды.

Сонымен қатар АИТВ инфекциясының алдын алу, қауіп факторлары және жастар арасында профилактикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қозғалды.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жастардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Салауатты болашақ – саналы таңдауда

#Заңментәртіп

#ЗАКОНИПОРЯДО

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕСІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

Алдыңғы

ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *