Мемлекеттік кірістер органдарының маңызды міндеттерінің бірі – салық төлеушілерге сапалы қызмет көрсету, заңнама талаптарын түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Салық саласындағы ашықтық пен жариялылық сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тетігі болып табылады. Қажетті ақпаратты уақтылы ұсыну және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету адам факторын азайтып, қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бүгінде көптеген салықтық қызметтерді электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттілігін азайтып, қызмет алу процесін жеңілдетеді.
Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, ашықтық, заңдылық және адалдық қағидаттарын ұстанады.
Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Кишибаев










Comments