Салық жүйесін жетілдіру және салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді.
Жаңа Салық кодексінде салықтарды есептеу мен төлеуге, салықтық әкімшілендіруге және салық міндеттемелерін орындауға қатысты бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған.
Салық заңнамасындағы өзгерістерді білу әрбір азамат пен кәсіпкер үшін маңызды. Белгіленген талаптарды сақтау салық міндеттемелерін дұрыс орындауға және заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Осы бағытта Мемлекеттік кірістер органдары тұрғындар мен кәсіпкерлерге жаңа нормаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салық саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша ақпарат беруде.
Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің басшысы Ш.Каримбаев











Comments