Аймақ

Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады.

Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де қалыс қалмай, өз таңдауларын жасады.
Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердегі сайлау учаскелері таңғы сағат 06:00-де жұмысын бастады. Құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы дауыс беруге белсенді қатысып, қызметтік-жауынгерлік міндеттерінің ерекшелігіне байланысты сайлау учаскелерінде дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды.
Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде орналасқан №107 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков келіп, өз таңдауын жасады.
Жалпы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер әскери қалашықтар аумағында орналасқан 9 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Дауыс берушілер арасында сайлауға алғаш рет қатысқан жас сарбаздар да бар. 18 жасқа толып, тұңғыш рет дауыс беру құқығына ие болған әскери қызметшілерге естелік сыйлықтар табысталды.
Солардың бірі – 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген қатардағы жауынгер Марғұлан Құралбай.
– Мен алғаш рет дауыс беруге қатысып отырмын. Отанымыздың болашағына бейжай қарай алмаймын. Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде елімізде оң өзгерістер болғанын қалаймын. Сондықтан бүгін азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым, – дейді жас сарбаз.
Құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы қоғамдық-саяси науқанға қатысумен қатар, өздеріне жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерін орындауды жалғастыруда.

МОЛОДЕЖЬ ПРИНЯЛА УЧАСТИЕ ВО ФЛЕШМОБЕ «ВМЕСТЕ – В БУДУЩЕЕ»

Алдыңғы

Гвардейцы РгК «Оңтүстік» досрочно завершили голосование

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *