Құрылтай сайлауына екі аптадан аз уақыт қалды. 12 тамызда партиялар өңірлерде сайлауалды кездесулерін жалғастырды.
«Әділет» – Жетісу облысында спортшылармен, аграршылармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, суару жүйесі, ауыл инфрақұрылымы, өндіріс пен экология мәселелерін көтерді.
ЖСДП – Семейде тұрғындардың инфрақұрылым, абаттандыру, су бұру, жарықтандыру және көлік мәселелері бойынша ұсыныстарын жинады.
«Байтақ» – Теміртау мен Шығыс Қазақстанда үгіт жұмыстарын жүргізіп, ауызсу, экология және абаттандыру мәселелерін талқылады. БҚО-да халықаралық байқаушылармен кездесті.
Қазақстанның халық партиясы – Атырау мен Түркістанда еңбек ұжымдарымен кездесіп, еңбек құқықтары, жұмыспен қамту, өндіріс және әлеуметтік мәселелерді көтерді.
«Ауыл» – Маңғыстау, Жетісу және Алматыда кәсіпорындар мен аграрлық сала өкілдерімен кездесіп, өндіріс, кәсіпкерлік және еңбек жағдайларын талқылады.
«Ақ жол» – Павлодарда ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесті. Бірқатар өңірлерде сайлауалды жұмыстарын жалғастырды.
Respublica – Атырауда кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, білім, тұрғын үй, медицина, жол, электрмен қамту және зейнет жасы мәселелерін талқылады. «Айдана Агро» шаруашылығына барды.
Теледебат: Jibek Joly телеарнасында жеті партияның 14 өкілі қатысқан «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбындағы командалық дебат өтті. Талқылауда заң үстемдігі, сот тәуелсіздігі, кәсіпкерлік, жол қауіпсіздігі, еңбек құқықтары және азаматтардың мүддесін қорғау мәселелері көтерілді.
Көрермендердің онлайн дауыс беруінде «Әділет» – 60,6%, «Ауыл» – 15,1%, Respublica – 10,2% дауыс жинады. Ұйымдастырушылар бұл нәтиже партиялардың электоралдық қолдауын емес, көрермендердің дебаттағы сөз сөйлеулерге берген бағасын көрсететінін атап өтті.
Жалпы, 12 тамыздағы сайлауалды күн өңірлердегі тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерге, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылауға және теледебатқа арналды.













Comments