Сауран ауданында тазалық пен абаттандыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқаны қуантады. Күн сайын ауылдарымыздың ажары кіріп, көшелеріміз көркейіп келеді. Бұл жұмыстардың нәтижесін әр тұрғын көріп, сезініп отыр деп ойлаймын. Жақында өткен үлкен мәжілісте аудан әкімі де тазалық мәселесіне тоқталып, тұрғындарды туған жерімізді таза ұстауға шақырды. Мен бұл бастаманы толық қолдаймын.
Менің ойымша, тазалық тек арнайы қызметкерлердің жұмысы емес. Әрқайсымыз өз ауламызды, өз көшелерімізді таза ұстап, ауылымыздың көркеюіне үлес қоссақ, ауданымыз одан әрі ажарлана түседі. Тазалық сақшылары күн сайын өз міндетін атқарып, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етіп жүр. Олардың еңбегін бағалап, қолымыздан келгенше қолдау көрсетуіміз керек деп ойлаймын. Кейде бір қап қоқысты орнына тастау, өз ауламызды жинау, көшеге шашылған дүниені тазалап қою сияқты қарапайым әрекеттің өзі үлкен іске айналады.
Мен Сауранның таза, көрікті әрі жайлы аудан болғанын қалаймын. Бұған әрқайсымыздың үлесіміз бар екеніне сенемін. Туған жерге жанашырлық сөзбен емес, нақты іспен көрінеді. Сондықтан барша аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамын. Өз ауылымызды, өз көшімізді таза ұстайық. Бір-бірімізге қолдау көрсетейік. Мен бұл игі бастаманы қолдаймын және әр тұрғынның тазалыққа жауапкершілікпен қарайтынына сенемін.
БАЛТАБАЙ ЖАРЫЛҚАСЫНОВ
САУРАН АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫН ТӨРАҒАСЫ












Comments