Жаңалықтар

Шымкентте Ұлттық ұланның үздік офицері мен сержантына құрмет көрсетілді

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6698 әскери бөлімінің үздік офицері мен сержантына арналған салтанатты құрмет көрсету кеші өтті.

Іс-шара 8 тамыз күні Орыс драма театрында әскери қызметте жоғары кәсібилігімен, адал еңбегімен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген офицер капитан Тұяқбаев Рахымжан Омарбекұлы мен сержант Тойчиев Бахтияр Ахметжановичтің еңбегін дәріптеуге арналған құрметтеу кеші өтті.

Озатқа, үздікке өзінің бағасын беріп, оны мадақтау Ұлттық ұлан жауынгерлері арасында қалыптасқан дәстүрдің бірі.

Салтанатты кешке әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, Ұлттық ұлан ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер және қала тұрғындары қатысты.

Кеш барысында үздік әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтіп, оларға қызметтегі жоғары көрсеткіштері мен жауапкершілігі үшін бөлім командирі Бауыржан Нуралиев алғысхат пен отбасына арнайы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, қатысушыларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар әскери қызметтің беделін арттырып, Отан қорғау жолындағы адал қызметтің маңызын насихаттауға, сондай-ақ жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ

Алдыңғы

Шымкентте сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *