Жаңалықтар

Сабыр Рақымов атындағы әскери колледжге құжат қабылдау басталды

Шымкент қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымов атындағы әскери колледжге курсанттарды қабылдауға бағытталған құжаттарды қабылдау басталды. Қабылдау ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес жүргізілуде. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін жалғасады.

Құжат қабылдаудың алғашқы күнінде-ақ колледж ғимаратының алдында ата-аналарымен бірге келген шамамен 300 үміткер жиналды. Байқау жоғары бәсекелстік деңгейінде өтуде – бұл оқу орны еліміздегі әскери білім берудің орта буынындағы беделді мекемелердің бірі саналады.

6 тамыздан бастап талапкерлер психологиялық тестілеуден өтеді. Оның қорытындысы бойынша олар медициналық комиссиядан өтіп, кейін дене дайындығы бойынша нормативтерді орындайды.

Іріктеудің соңғы кезеңі – тамыз айының екінші жартысында өтетін қабылдау комиссиясының отырысы. Қорытындысында үміткерлер жинаған балл саны бойынша жоғарыдан төмен қарай рейтингпен іріктеледі. Нәтижелер әскери колледждің белгіленген үлгідегі хаттамаларына енгізіледі.

Колледж бастығы, полковник Мақсат Ахшаловтың айтуынша, оқу орны техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша кіші командалық құрамды дайындайды. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.

Оқыту негізгі орта білім базасында мотоатқыштар бөлімшелерін басқару, танк бөлімшелерін басқару, зымыран және артиллериялық бөлімшелерді басқару мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Колледж түлектеріне кіші сержант әскери атағы беріледі.

Әскери колледжге 15 пен 17 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Осы жылы оқу орнына 120 тәрбиеленушіні қабылдау жоспарланып отыр.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

ЖҮГІРУ, ПІКІРТАЛАС ЖӘНЕ ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ ӘҢГІМЕ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ДОДА ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР?

Алдыңғы

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *