Жаңалықтар

ЖҮГІРУ, ПІКІРТАЛАС ЖӘНЕ ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ ӘҢГІМЕ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ДОДА ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР?

Қазақстандағы сайлауалды науқан түрлі форматта жалғасуда. Партиялар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесіп, қоғамдық тыңдаулар өткізіп, кәсіпкерлер мен әлеуметтік топтардың мәселелерін талқылауда.
«Әділет»: ауыл, спорт және туризм мәселелері
«Әділет» партиясы «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындармен кездесулер өткізді. Ауыл тұрғындарынан 100-ге жуық ұсыныс жиналды.
Кездесулерде ауылды дамыту, спорт нысандарын салу, параспортты қолдау, ауыл жаттықтырушыларына грант бөлу, ArtSport және Damubala бағдарламаларын қаржыландыру мәселелері көтерілді. Кәсіпкерлермен кездесуде отандық өндіріс пен инвестиция тарту, орта бизнестің экономикадағы үлесін 7%-дан 20%-ға дейін арттыру ұсыныстары айтылды.
Бурабайда туризм инфрақұрылымы, экотуризм, агротуризм және жергілікті өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.
ОСДП: ТКШ, кибералаяқтық және экология
ОСДП Қарағандыда азаматтық тыңдау өткізіп, коммуналдық сала, кибералаяқтық және экологиялық ахуал мәселелерін талқылады.
Партия ТКШ және МИБ мәселелері бойынша жеке палата құруды, интернет-алаяқтықпен күресті күшейтуді және ауа мен су сапасы туралы ақпараттың ашықтығын арттыруды ұсынды. Сонымен қатар тұрғындармен кездесуде еңбек жағдайы, инфрақұрылым және қоғамдық кеңістіктерді дамыту мәселелері көтерілді.
«Байтақ»: экологияға басымдық
«Байтақ» жасылдар партиясы сайлауалды науқанын Аралдағы таңғы марафоннан бастады. Партия қоршаған ортаны қорғау, таза ауа мен суды сақтау және адам денсаулығына қолайлы орта қалыптастыру мәселелерін басты бағыт ретінде айқындады.
Қазақстан Халық партиясы: ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау
Қазақстан Халық партиясының кандидаттары «Spina Bifida» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесіп, балалар мен олардың отбасыларының мәселелерін талқылады.
Негізгі мәселелер қатарында медициналық көмек пен оңалту қызметтеріне қолжетімділік, техникалық құралдармен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау бар.
«Ауыл»: фермерлер мен ауыл тұрғындарының мәселелері
«Ауыл» партиясы Ақмола облысындағы Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті. Партия агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, фермерлерді қолдауға, заманауи технологияларды енгізуге және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасауға басымдық берді.
«Құс: ауладан дастарқанға дейін» жобасы арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту және ауыл отбасыларының табысын арттыру ұсынылды. Тұрғындар жол, әлеуметтік инфрақұрылым, жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау мәселелерін көтерді.
«Ақ жол»: подкаст, велошеру және кездесулер
«Ақ жол» партиясы сайлауалды науқанын подкасттар, велошерулер және сайлаушылармен кездесулер арқылы жалғастыруда. Подкастта қаржылық қауіпсіздік, микрокредиттеу және алаяқтық мәселелері талқыланды.
Партия өкілдері мен жақтастары Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Көкшетау және Маңғыстау өңірлерінде түрлі акциялар мен кездесулер өткізуде. Негізгі тақырыптар – кәсіпкерлікті қолдау, әділетті экономика және сайлаушылардың ұсыныстарын жинау.
Respublica: төрт күндік жұмыс аптасына қарсы пікір
Respublica партиясы Алматыдағы кәсіпкерлермен кездесуде ОСДП ұсынған төрт күндік жұмыс аптасына қатысты сын айтты.
Партия өкілі жұмыс уақыты қысқарған жағдайда жалақыны сақтау бизнестің шығынын арттыратынын атап өтті. Кездесуде кәсіпкерлікті дамыту және бизнеске кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдар да талқыланды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕТІН ҮШ ІРІ ЖОЛ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

Сабыр Рақымов атындағы әскери колледжге құжат қабылдау басталды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *