
Құрметті әріптестер! Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы 2026 жылдың 12-18 қыркүйегінде Түркияның мәдени астанасы — Стамбұлда “Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы” жобасын ұйымдастырады.
Жоба шеңберінде түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, түркі журналистері арасында жедел ақпарат алмасу, түбі бір түркіге ортақ рухани құндылықтарды насихаттау т.б. маңызды мәселелерді талқыға салатын VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы болады. Медиафорумға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Германия, Бельгия, Швейцария, Франция, Солтүстік Кипр т.б. елдерден журналистер, БАҚ басшылары, медиа саласындағы ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қоғам қайраткерлері, депутаттар, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, ЖОО ректорлары, журналистика факультетінің декандары мен мұғалімдері т.б. қатысады. Медиафорум соңында түркі әлемінің бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарға арнайы марапттар тапсырылады.
Жобаға қатысушылар Стамбұлда пресс тур, Түркия бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибе алмасу, жергілікті биік басшыларымен ресми кездесулер, Мәрмәр теңізінің ортасындағы Бүйүкада аралына экскурсия, Бұғаз туры т.б. қатысады.
Жоба барысында Стамбұлдың көрнекі жерлерінен сториз, рилз дайындаудан байқау болады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталады.
Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының серіктесі — Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясымен бірігіп, Стамбұлда түркілердің ортақ ұлттық ойыны — тоғызқұмалақтан турнир өтеді.
Толық ақпарат үшін: +7 778 878 3408 (WhatsApp)












Comments