Жаңалықтар

Президент тапсырмасы орындалды: Шардара қаласы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

▪️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асты. Шардара қаласында көптен күткен «Шардара» топтық су құбыры («Тама-Тастанбек») пайдалануға берілді.

▪️Жобаға арналған іс-шара алдында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Түркістан облысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Вице-премьерге өңірдегі ауыз су нысандарының құрылысы, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіштері және алдағы кезеңге жоспарланған жобалар жөнінде баяндалды.

▪️Одан кейін жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты сапалы ауыз сумен қамту – Үкіметтің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, шардаралықтарды көптен күткен маңызды жобаның жүзеге асуымен құттықтады.

▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, Президент тапсырмасы мен Үкіметтің қолдауының нәтижесінде жүзеге асқан бұл жоба өңір үшін тарихи маңызға ие екенін жеткізді. Нәтижесінде Шардара қаласының тұрғындары санитариялық талаптарға толық сәйкес келетін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.

▪️Жобаның негізі 2008–2009 жылдары Шардара-Байырқұм жерасты су кен орнында жүргізілген қосымша барлау жұмыстарының нәтижесінде қаланды. Қазақстан Республикасы Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хаттамасына сәйкес жерасты су қоры 25 жыл мерзімге бекітілді. Зерттеу нәтижесінде «Тама-Тастанбек» учаскесіндегі жерасты суларының бактериологиялық, радиологиялық және химиялық көрсеткіштері санитариялық талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды.

▪️Жобаның нәтижесінде Шардара қаласындағы 30 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілді. Су құбырының жобалық өнімділігі тәулігіне 24 мың текше метрді құрайды. Құрылыс барысында жалпы ұзындығы 39,28 шақырым болатын диаметрі 500 миллиметрлік екі магистральды полиэтилен су құбыры тартылды. Сонымен қатар көлемі 500 текше метр болатын екі және көлемі 5 мың текше метр болатын екі су резервуары салынды. Жоба аясында 14 су алу ұңғымасы бұрғыланды. Оның ішінде 12-сі жұмысшы, 2-еуі резервтік ұңғыма. Екі қосалқы станция мен суды тазарту қондырғылары орнатылып, барлық инженерлік жүйелер толық іске қосылды.

▪️Жаңа су құбырының іске қосылу рәсіміне қатысқан шардаралықтар Мемлекет басшысына, Үкіметке және жобаның жүзеге асуына үлес қосқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

▪️Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

__________

ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА ВЫПОЛНЕНО: ГОРОД ШАРДАРА ПОЛНОСТЬЮ ОБЕСПЕЧЕН КАЧЕСТВЕННОЙ ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ

▪️В рамках поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по обеспечению населения качественной питьевой водой в Туркестанской области реализован еще один важный инфраструктурный проект. В городе Шардаре введен в эксплуатацию долгожданный групповой водопровод «Шардара» («Тама-Тастанбек»).

▪️Перед началом мероприятия по случаю проекта заместитель Премьер-министра Республики Казахстан Канат Бозумбаев был ознакомлен с проводимой в Туркестанской области работой и планами на предстоящий период по обеспечению населения качественной питьевой водой. Вице-премьеру доложили о строительстве объектов питьевого водоснабжения в регионе, показателях обеспечения населенных пунктов качественной питьевой водой и проектах, запланированных на следующий период.

▪️Затем состоялась церемония торжественного открытия нового объекта. В ней приняли участие заместитель Премьер-министра Республики Казахстан Канат Бозумбаев и аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров.

▪️К. Бозумбаев отметил, что в соответствии с поручением Главы государства обеспечение населения качественной питьевой водой является одним из главных приоритетов Правительства, и поздравил шардаринцев с реализацией этого долгожданного важного проекта.

▪️Аким Туркестанской области также разделил радость жителей и подчеркнул, что этот проект, реализованный благодаря поручению Президента и поддержке Правительства, имеет историческое для региона значение. Теперь жители города Шардары полностью обеспечены качественной питьевой водой, соответствующей санитарным требованиям.

▪️Основа проекта была заложена в результате геологоразведочных работ, проведенных в 2008-2009 годах на Шардара-Байыркумском месторождении подземных вод. Согласно протоколу Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан от 10 декабря 2009 года №893-09-У, запасы подземных вод были утверждены сроком на 25 лет. По результатам исследования установлено, что бактериологические, радиологические и химические показатели подземных вод на участке «Тама-Тастанбек» полностью соответствуют санитарным требованиям.

▪️В результате реализации проекта 31 тысяча жителей города Шардары полностью обеспечена качественной питьевой водой. Проектная мощность водопровода составляет 24 тысячи кубических метров в сутки. В ходе строительства проложены два магистральных полиэтиленовых водопровода диаметром 500 миллиметров общей протяженностью 39,28 километра. Кроме того, построены два резервуара для воды объемом по 500 кубических метров и два резервуара объемом по 5 тысяч кубических метров. В рамках проекта пробурены 14 водозаборных скважин, из них 12 рабочих и две резервные. Установлены две насосные станции и водоочистные сооружения, полностью задействованы все инженерные системы.

▪️Шардаринцы, принявшие участие в церемонии запуска нового водопровода, выразили благодарность Главе государства, Правительству и гражданам, внесшим свой вклад в реализацию проекта.

В Туркестанской области в соответствии с поручением Главы государства поэтапно продолжится работа по обеспечению населения качественной питьевой водой, модернизации инженерной инфраструктуры и повышению качества жизни граждан.

Пресс-служба акима Туркестанской области

САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН: QARMET-ТЕН БИЗНЕС-ФОРУМҒА ДЕЙІН – ПАРТИЯЛАР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *