Жаңалықтар

Жыл басынан бері Шымкентте 23 мың балаға төлқұжат рәсімделді

2026 жылдың алғашқы екі айында Шымкент қаласында 23 мың балаға төлқұжат рәсімделді. Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы ата-аналарға шетелге шығуға қажетті құжаттарды, соның ішінде балаға шетелдік төлқұжатты рәсімдеудің маңыздылығын еске салды.

Филиал мамандарының айтуынша, баланың төлқұжатын туған сәтінен бастап рәсімдеуге болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шетелге шығатын әрбір азаматтың жасына қарамастан жеке төлқұжатының болуы талап етіледі. Мәселен, 2025 жылы Шымкентте 132 мың төлқұжат берілген болса, 2026 жылдың алғашқы екі айында балаларға 23 мың төлқұжат рәсімделген.

Төлқұжат алу үшін ата-аналар қаланың кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. Осы тұста, өзімен бірге баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің жеке куәлігі және 4 АЕК (17 300 теңге) көлеміндегі мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек болуы қажет. Сондай-ақ, құжатты рәсімдеу барысында ата-аналардың біреуінің болуы міндетті болып саналады. Ал қызмет көрсету мерзімі — 15 жұмыс күнін құрайды.

Сондай-ақ, филиал балалардың сырт келбеті тез өзгеретінін атап өтті. Осыған байланысты кейде шекара қызметінің қызметкерлері құжаттағы фотосурет бойынша баланы бірден танымай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда төлқұжат жарамдылық мерзімі аяқталмаса да, оны ауыстыру қажет. 12 жасқа дейінгі балалар үшін төлқұжат 5 жылға, ал 12 жастан 16 жасқа дейін – 10 жылға рәсімделінеді. Сонымен қатар, кейбір азаматтар санатына қарай төлқұжатты тегін ала алады. Оларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, жетім балалар, мүгедектігі бар балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар жатады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғындарна шетелдік төлқұжатты жедел түрде рәсімдеу қызметі де қолжетімді. Өтініш берушінің қалауы бойынша, қосымша ақы төлеу арқылы құжат 1 немесе 3 жұмыс күні ішінде дайындалады.

ТҮРКІСТАН: Алғашқы шақырылушылар салтанатты түрде әскерге аттанды

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *