«Жұлдыз» индустриялық аймағында орналасқан Шағын өнеркәсіп аймағының жалпы аумағы 10 гектарды құрайды. Жобаның жалпы инвестициялық құны — 13 млрд теңге. Іске асыру жұмыстары екі кезең бойынша жүргізілуде.
Бірінші кезең толық аяқталып, 24 000 м² өндірістік және инфрақұрылымдық ғимараттар салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта аумақтың бір бөлігі резиденттермен толтырылған: 3 кәсіпорын өз қызметін бастады, сондай-ақ 2 әлеуетті резидентпен орналастыру бағытында келіссөздер жүргізілуде.
Бүгінде нысанда шамамен 100 адам жұмыс істейді. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қызметкерлер санын 300-ден астам деңгейге дейін арттыру жоспарлануда.
Екінші кезең аясында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес 20 000 м² жаңа өндірістік алаңдар салынатын болады. Екінші кезеңді ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.
Аталған жоба өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға және заманауи өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.













Comments