Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАРАША АЙЫНДА БІРҚАТАР МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.

Қараша айында Шымкент қаласында және өңірлерде бірқатар айтулы мәдени іс-шаралар өтеді. 21-22 қараша күндері мегаполисте «Miras» халықаралық түркі сәндік этнодизайнерлері форумы ұйымдастырылады. Форум аясында түркі халықтарының киім мәдениеті мен ұлттық өрнектер семиотикасына арналған ғылыми конференция, қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары мен жәрмеңкелері өтеді. Сондай-ақ, отандық және шетелдік этнодизайнерлердің сән дефилесі мен «TURAN» ансамблінің концерттік бағдарламасы көрерменге ұсынылады. Іс-шаралар «Қызғалдақ» сарайы мен Көрме орталығында өтеді.

27-30 қараша күндері Абай облысында Шымкент қаласының мәдениет күндері өткізіледі. Шымкенттен барған шығармашылық делегация құрамында зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздар бар. Бағдарлама аясында жазушы Құлбек Ергөбек пен абайтанушы Ақжол Қалшабекпен кездесулер, «Шымкент сазы» концерттік бағдарламасы, «Көне қала – Шымкент» көрмесінің ашылуы және әзіл-сықақ театрының «Не істеу керек?» қойылымы көрермен назарына ұсынылады.

Бұл шаралар – Шымкент мәдениетінің бай мұрасын дәріптеп, өңірлер арасындағы рухани байланысты нығайтуды көздейді.

Қараша айындағы мәдени шаралар Шымкенттің рухани өміріне үлкен ықпал етіп, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше оқиға болмақ. Қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылатын бұл іс-шаралар ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейде танытуға бағытталған. Түркі халықтарының сәндік өнері мен қолөнері көрмелері жергілікті тұрғындардың қызығушылығын тудырып, шығармашылық индустриясының дамуына жаңа серпін береді. Шымкенттің мәдени өміріне қатысты жаңа бастамалар мен бағдарламалар мәдениеттің барлық салаларын қамтып, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырады.

Ал Абай облысындағы мәдени күндер – Шымкенттің тарихи мұрасын тану мен шығармашылық байланыстарды нығайту үшін маңызды мүмкіндік. Бұл шара арқылы қала мен өңір арасындағы рухани көпірді қалыптастыру, мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру көзделеді. Сонымен қатар, Шымкенттің мәдениеті мен өнерін таныту арқылы облыстың басқа аймақтарындағы тұрғындардың да осы салаларға деген қызығушылығын арттыруға болады.

 

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДА ЖЫЛУ ТОЛЫҚ ҚОСЫЛУДА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ «СТОП-ВЕЙП!» АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *