Аймақ

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Созақ аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, орыс және еуропа мәдениетімен байланысу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай республикалық “Абай оқулары” шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі өтті.

Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен байқауда 5 номинация бойынша жүлдегерлер анықталып, жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды. Олар:

  1. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы /Абай өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқу/ бойынша Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат-лицейдің 8-сынып оқушысы Жанысбай Ару;
  2. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» /Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу/ номинациясы бойынша Т.Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Өрікбай Айару;
  3. «Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясы /Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі/ бойынша Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Абайқызы Баян;
  4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша “Суындық” жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Нұрмаханқызы Несібелді;
  5. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы /Абай туралы көркем туындыларды талдау/ бойынша “Созақ” мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Асқар Фариза.

Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттап, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншіліктеріңіз артып, әрдайым білім биігінде жарқырай берулеріңізге тілектеспіз!

Бұл байқаудың ұйымдастырылуы қазақ мәдениетінің терең дәстүрлерін, әдебиетін және философиясын жастар арасында насихаттаудың үлкен мүмкіндігі болып табылады. Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығын таныту, олардың ілімдері мен өнерлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – елдің мәдени мұрасын сақтау мен оны жаңаша қырынан түсіну үшін маңызды қадам. Әсіресе, жас ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы біз болашақта олардың рухани байлығын арттырып, ұлттың мәдениетіне деген құрмет сезімін оятамыз.

Әр номинация бойынша жеңімпаздар өздерінің таланттарын көрсетіп, Абай мен Шәкәрімнің мұрасын терең сезініп, оны шығармашылық тұрғыдан жеткізе білді. Бұл байқау арқылы жас дарындардың шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін көріп, олардың болашақта әдебиет пен өнер саласында үлкен жетістіктерге жететіндіктеріне сеніміміз мол. Осылайша, Абай мен Шәкәрімнің рухани мұрасын қадірлеу, насихаттау және оны жаңаша деңгейде көрсету, жас буынның әлемге танылуына мүмкіндік береді.

Жеңімпаздарға облыстық кезеңде де сәттілік тілейміз, әрі өздерінің білім мен өнер жолындағы биік шыңдарды бағындыруға деген құлшыныстарын жалғастыра берулеріне тілектеспіз!

Ордабасы ауданында жұмыс іздеушілерге арналған маңызды шара ұйымдастырылды

Алдыңғы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» бас сарапшысының Ордабасы ауданына іссапары өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *