Аймақ

Жастар практикасы – болашаққа жол!

Сағат Балауса Байғалиқызы 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында өз мамандығы бойынша алғашқы еңбек жолын Ордабасы ауданына қарасты «Бәйтерек» жалпы білім беретін мектебінде бастады.

Бұл бағдарлама жастарға өз білімдерін тәжірибеде сынап көруге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және еңбек нарығында маңызды орын алуға мүмкіндік береді. Балауса химия пәні бойынша алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, оқушылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырды.

Жас маман ретінде оқу-тәрбие процесіне белсенді араласып, шығармашылық әлеуетін көрсетті. Ол педагогикалық саладағы жауапкершілікті талап ететін жұмыстарға адалдығымен ерекшеленді. Балаусаның педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілігі еленіп, 2025 жылдың наурыз айында аталмыш мектепке химия пәнінің мұғалімі ретінде тұрақты жұмысқа қабылданды.

Бұл жағдай «Жастар практикасы» бағдарламасының жастарды қолдап, олардың кәсіби тәжірибе алуына мүмкіндік беретін аса маңызды құрал екендігін дәлелдейді. Жастар өз күшін тек теориялық біліммен ғана емес, сонымен қатар нақты тәжірибемен де тексере отырып, еңбек нарығында тұрақты орын табуға мүмкіндік алады.

Жастар практикасы – бұл жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне, олардың кәсіби өсуіне және қоғамға пайдалы қызмет көрсетуіне жол ашатын маңызды бастама. Бұл бағдарлама арқылы жастар өз болашағын сенімді түрде құрып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға бағыт алады.

Тәжірибесі жоқ жас мамандар мансап жолын «Жастар практикасы» бағдарламасынан бастай алады.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
диплом алғанына 5 жыл толмаған;
— жасы 35 жастан аспайтын;
мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ азамат болуы керек.
Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасқан жас маманға 12 ай бойы мемлекет тарапынан 30 АЕК көлемінде жалақы төленеді.
Enbek.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеліп, бағдарламаға қатысуға өтінім жіберіңіз.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Алдыңғы

Жетісудың жеңісті рухы – Өскемен төрінде!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *