Аймақ

Қазығұрт: «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Қазығұрт ауданында 23-27 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Бұл шараның басты мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, әсіресе алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстардың санын азайту болып табылады. Қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында өткізілетін бұл шара аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Іс-шара аясында, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылар мен әлеуметтік тұрғыдан осал топтар анықталып, профилактикалық есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Полиция қызметкерлері, оның ішінде учаскелік инспекторлар мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары, тұрғылықты мекен-жайларда тексерулер жүргізіп, есепте тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырады. Бұл шаралар қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін маңызды және тиімді құрал болып табылады.

Айта кету керек, «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, полиция органдары спирттік ішімдіктерге, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ерекше бақылауға алады. Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға да ерекше назар аударылады. Іс-шара аясында түрлі қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға қарсы шаралар туралы ақпараттық кампаниялар жүргізеді. Бұл жұмыстар тұрмыстық жағдайы төмен және қиындыққа тап болған отбасыларға заңгерлік көмек көрсету, психологиялық кеңестер мен әлеуметтік қолдау көрсету арқылы олардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындар арасында алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланудың зардаптары туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілмек.

Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан.

Алдыңғы

ШАРДАРА: «ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ КҮНІ» АЯСЫНДА МОБИЛЬДІ ТОП ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *