Қазығұрт ауданында жаттықтырушылармен спортшылар арасында «Діни экстремизммен терроризмнің алдын алу басты міндет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қазығұрт ауданы бойынша, еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау және жастарды зиянды, радикалды діни ағымдардан қорғау мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен өткізілді. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты — аудан тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, кереағар діни ағымдардың әсерінен қорғану және жастардың радикализациялануына жол бермеу болып табылады.
Бұл шара аясында Түркістан облыстық спорт мектептерінің жаттықтырушыларына арналған арнайы кездесулер ұйымдастырылып, жаттықтырушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің басты мақсаты — жаттықтырушыларды және спортшыларды діни экстремизм мен терроризмнің қауіпті тұстары туралы ақпараттандыру, сонымен қатар, осындай теріс ағымдардың алдын алу шараларымен таныстыру.
Шараға қатысушылар арасында «Кемел-Ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Әлімбеков, Ішкі саясат бөлімінің теолог маманы М.Қоңыр және Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Н.Асан арнайы келіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, діни экстремизмнің қоғамға тигізетін зияны мен оның алдын алу жолдары туралы сөз қозғады.
Кездесу барысында қатысушыларға діни экстремизм мен терроризмнің түпкі себептері мен әсерлері туралы кеңінен түсіндіріліп, сондай-ақ, спортшылар мен жаттықтырушылардың арасында осы мәселелерге қатысты сауаттылықты арттыру үшін арнайы әдістемелік құралдар ұсынылды. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты — жастарды радикализациядан қорғап, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтауға үлес қосу.
Қазығұрт ауданы әкімдігі мен Ішкі саясат бөлімі алдағы уақытта осы бағытта жұмысын жалғастыра отырып, тұрақты түрде түрлі ақпараттық шаралар мен түсіндіру жұмыстарын өткізуді жоспарлап отыр. Кездесулер мен ақпараттық жұмыстар аудан көлемінде белсенді түрде жүргізіліп, барлық тұрғындарды діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларына тарту көзделуде.
Бұл шаралардың маңызы ерекше, себебі олар жастардың болашағына әсер етіп, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаттықтырушылар мен спортшылар тек дене шынықтыруды ғана емес, сонымен қатар, дұрыс діни ұстанымдарды, қоғамда бейбіт өмір сүру принциптерін де жастарға насихаттайтын тұлғалар болып табылады.
Қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат, оның ішінде жастар мен олардың тәлімгерлері, жаттықтырушылары да бұл мәселенің маңыздылығын түсініп, өз тарапынан атсалысуы керек. Өйткені, радикалды идеологиялар тек жеке тұлғаларға ғана емес, бүкіл қоғамға қауіп төндіреді. Сондықтан, жас ұрпақтың дұрыс тәрбиеленуі және олардың діни сауатының қалыптасуы өте маңызды.
Осы мақсатта алдағы уақытта жастар ресурстық орталығы мен басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, аталған мәселе бойынша түрлі пікірталастар, семинарлар мен тренингтер өткізілмек. Бұл шаралар жастар арасында діни төзімділік, бейбітшілік пен өзара сыйластықты насихаттап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталады.
Аудан тұрғындары мен жастарды осы бағыттағы жұмыстарға қатысуға шақырып, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, өзара түсіністік пен бейбіт өмір сүруге деген ұмтылысты күшейту — бұл біздің ортақ мақсатымыз!
Comments