Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізді. Жиынға кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, тиісті мемлекеттік орган басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы К.Көшекбаевтың, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғардың, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы А.Жұмағұлованың баяндамалары тыңдалып, назарға алынды.
Шымкент қаласы Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – ТМС) тіркелімінде 76 қызмет түрі бойынша 56 ТМС енгізілген. Бұдан басқа, қоғамдық маңызы бар нарықтың 1 субъектісі бар.
Департамент 5 базалық ТМС қызметін реттейді («Су құбыры және канализация» МКК, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ШӨФ). Қазіргі таңда барлығы Заң талабына сәйкес 5 жылдық тарифтері бекітіліп жұмыс істеп жатыр.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының 2025 жылға жоспарланған бюджеті 26 049, 3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде «МЖӘ» аясында іске асырылатын жобаларға (15 175,6 млн теңге), Шымкент қаласының каналдардың техникалық жай-күйін күтіп ұстау және жақсарту, су ағынын бақылау және арттыру (3 106,6 млн теңге), күтіп ұстау шығындары (217,4 млн теңге), Дендрологиялық саябақтың күтіп ұстау шығындары (763,3 млн теңге), «Жасыл Белдеу» КММ күтіп ұстау (515,6 млн теңге), қала көшелері мен саябақ аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру (4 332,7 млн теңге) шығындарына бағытталған.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасында 5 бөлім және 4 мекеме бар. Олар:
1) «Қоғамдық келісім» КММ-сі;
2) «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі;
3) «Өңірлік коммуникациялар орталығы» КММ-сі;
4) «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і
Басқарманың ағымдағы жылға арналған тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, оған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Баяндамашыларға кеңес мүшелері өз тараптарынан тиісті сұрақтар қойып, ұсыныстарды енгізіп, қоғамдық бақылауға алатындығын жеткізді.

Емханалық көмек – сапалы әрі қолжетімді

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КЕҢ АУҚЫМДЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *