Аймақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Қайрат Балабиев және Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді.
Халық қалаулылары шаһар басшысы Қайсар Маңқараевпен бірге әкімдік ғимаратында Арыс қаласы аумағындағы өзекті мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган және тиісті сала басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен кездесті.
Кездесуде мәжіліс қабырғасында 2025 жылы атқарған жұмыстарды баяндап, жоғарғы заң шығарушы органның жұмыс қорытындыларын атап өтті.
Жиында қала әкімі Қайсар Зәкірұлы шалғай елді мекендердегі тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңарту, модернизациялау және қала орталығы мен Сырдария елді мекенін жалғайтын теміржол асты жол өткелін кеңейту үшін қаржы бөлу секілді мәселелерге ықпал етуді сұрады. Өз кезегінде мәжілісмендер әр мәселені назарда ұстап, тиісті органдарға депуттатық сауал жолдайтынын атап өтті.
Бұдан бөлек, қалалық мәслихат депутаттары арыстықтардың көкейде жүрген мәселелерін көтеріп, республикалық бюджеттен кәріз жүйесін жаңартуға, балабақша мәселелерін шешіп беруге ықпал жасауды өтінді.
Бұдан кейін мәжіліс депутаттары құрылысы жүргізіліп жатқан бірнеше нысандарды аралады. Соның бірі – Барыс шағын ауданында жеке инвестор есебінен тұрғызылып жатқан 5 қабатты, 60 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы. Бұдан бөлек, Тараз тұрғын ауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектеп құрылысы мен Ақдала ауылында салынып жатқан жаңа Спорт зал кешенімен танысты.
Нысанды аралау барысында құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуі және мерзімінде аяқтау қажеттілігі айтылды.

ТҮРКІСТАН: АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОСПАРЫНЫҢ 6 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

Алдыңғы

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫНА НАЗАР АУДАРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *