Аймақ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОҚЫСТАН ЖӘШІК ӨНДІРЕТІН ЦЕХ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев Сарыағаш ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Ол ауданға қарасты Құркелес ауылдық округінде полиэтилен құбырлар және пластикалық жәшіктер өндіретін «Amantay-plast» цехының жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда өндіріс орны тәулігіне 4 тоннаға жуық қоқыстан 10 мың дана жәшік дайындайды. Цехта жергілікті 30 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. «Amantay-plast» қайта өңдеу цехының өнімі еліміз бойынша экспортталуда.
Кәсіпкердің жұмысымен танысқан мәжіліс депутаты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, өндіріс орнында ауылдық округ тұрғындарымен кездесті. Кейін халық қалаулысы Сарыағаш қаласында салынып жатқан 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйін бақылады. Мердігер құрылыс жұмыстарының жобасын таныстырды. Қазіргі таңда инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталып, сыртқы қоршау және асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

БӘЙДІБЕКТЕ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

САРЫАҒАШТА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІНЕ АЯҚЖОЛ ТӨСЕЛІП, ЖАРЫҚ БАҒАНАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *