Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен жиында аудан бюджетінің кірістері мен оның орындалу барысы жан-жақты талқыланды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева биылғы жылға жоспарланған қаржының жартысынан астамы игерілгенін және соңғы жылдары кіріс көлемі біршама артқанын атап өтті.
Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы У.Халмурадовтың айтуынша, жергілікті және республикалық бюджетке түсімдер жоспарға сәйкес түсуде. Дегенмен аудан әкімі қосымша кіріс көздерін анықтау, салық тәртібін күшейту және берешектерді өндіру бағытындағы жұмыстардың әлі де жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанына назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Жиын қорытындысында аудан басшысы тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне салық түсімдерін ұлғайту, қосымша кіріс көздерін тиімді пайдалану және берешек қарыздарды толық өндіріп алу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Comments