Аймақ

САРЫАҒАШ: ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫМЕН РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Саыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының төрағасы Мақсат Тұрлыбаевпен кездесіп, ауыл шаруашылығы санағының маңыздылығына тоқталып, ауданда жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.
Кездесу барысында санақтың алдын ала аралау кезеңінің ұйымдастырылуы, деректерді жинау сапасы және ауыл шаруашылығы субъектілерімен өзара іс-қимыл мәселелері де қаралды. Мақсат Тұрлыбаев аудан әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғысын білдіріп, санақтың тиімді әрі сапалы өтуі ел экономикасы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Өз кезегінде аудан әкімі Арман Абдуллаев бұл науқанға тиісті деңгейде жағдай жасалатынын, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандардың толық жұмылдырылатынын жеткізді.Оған қоса,салаға жауапты орынбасары Н.Талиповқа жұмысты жүйелендіруді тапсырды.

КӘСІБИ МІНДЕТІНЕ АДАЛ, ҮЛГІЛІ МЕЙІРБИКЕ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН УНИВЕРСИТЕТІН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *