Аймақ

БӘЙДІБЕК: ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ МОДУЛЬДІ ЖАТАҚХАНА ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бәйдібек ауданы Білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Тау шыңы» балалар жазғы демалыс лагерінде үшінші маусымның басталуы мен жаңа модельді жатақхана үйлерінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты шарада Бәйдібек ауданының әкімі Нұрмаханов Ерлан Заипұлы құттықтау сөз сөйлеп, балалар мен ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.
Өз сөзінде жазғы лагерьлердің балалардың шығармашылық және тұлғалық дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтіп, жаңа үлгідегі жатақханалардың ашылуы – аудан үшін маңызды әлеуметтік жобалардың бірі екенін жеткізді.
Сонымен қатар салтанатты жиында Бәйдібек аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Ғабитұлы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қуанышбек Қансейтов және аудандық білім бөлімінің басшысы Пернеев Ерболат Аманұлы құттықтау лебіздерін білдіріп, жазғы тынығу маусымын ұйымдастырып отырған білім саласы мамандарына, лагерь ұжымына және демалушы балаларға өз алғыстарын жеткізді.
Лагерь маусымының ашылуымен қатар жаңадан пайдалануға берілген заманауи жатақхана типіндегі үйлер балалардың жайлы әрі қауіпсіз тынығуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ағымдағы маусымда 8 топқа бөлінген 330 оқушы қабылданып отыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында лагерь аумағы 36 бейнебақылау камерасымен толық жабдықталған.
«Тау шыңы» жазғы демалыс лагері жыл сайын аудан оқушылары үшін танымдық, мәдени және тәрбиелік маңызы жоғары іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Лагерьде балаларға арналған спорттық ойындар, шығармашылық үйірмелер, өнер кештері, экологиялық бағыттағы шаралар жоспарланған.
Аталған іс-шара балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

МӘЖЛІСТЕ ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *