Аймақ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ӘКІМДЕР ЕСЕБІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Келес ауданында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысты. Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев төрағалық етті.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, аудандық бюджеттің орындалуы мен Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған бюджет атқарылуы туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар, “Келес аудандық мансап орталығы” филиалының бір жылдық қызметі талқыланды.
Жиын аясында Ұшқын, Жүзімдік және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, олардың қызметінің тиімділігі бағаланды. Мәслихат депутаттары мемлекеттік кірістер басқармасының аудан бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру бағытындағы жұмыстары бойынша баяндамасын тыңдады.
Сессия барысында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауыл және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне биылғы жылы көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие беру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Сонымен қатар, кейбір елді мекендердің жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту бойынша ұсыныстар қаралды. Сессия қорытындысында тиісті шешімдер қабылданды.

КЕЛЕС: АҚСУ МЕН ОҢТҮСТІКТЕ АУЫЗ СУ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Алдыңғы

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ТҰРАР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫН АРАЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *