Аймақ

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға алдын ала тіркеліп, түрлі бағыттағы мәселелерімен келген аудан тұрғындарының өтініштері мұқият қаралды.
Қабылдау барысында келесі мәселелер көтерілді: Тұрғын үйге мұқтаждық — азаматтар жеке тұрғын үймен қамтылу, кезекке тіркелу және тұрақты баспана мәселесін қозғады. Жер мәселесі — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін заңдастыру, пайдаланылмай жатқан жерлерді игеру, ауылдағы отбасылардың үй іргелік жерге қол жеткізу мәселелері көтерілді. Әлеуметтік көмек — бірқатар тұрғындар денсаулығына байланысты материалдық қолдау сұрап, мүгедектікке шығу мен ем-дом шығындарын жабу бойынша өтініштерін білдірді. Спорттық бағыттағы өтініштер — балалардың спорттық үйірмелерге қатысуына жағдай жасау, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, дене шынықтыру бағытында қолдау көрсету мәселелері қозғалды. Жергілікті инфрақұрылым және абаттандыру — елдімекен аумақтарын ретке келтіру, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жайы айтылды.
Көтерілген мәселелердің барлығы бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Кейбір сұрақтар бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке қабылдау – халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерді назарға алудың нақты тетігі. Аудан әкімдігі мұндай кездесулер арқылы тұрғындармен ашық әрі тікелей байланыс орнатты.

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖЕДЕЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Алдыңғы

КЕЛЕС: АҚСУ МЕН ОҢТҮСТІКТЕ АУЫЗ СУ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *