Аймақ

ШАРУАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы ағын су мәселесі бойынша Шәуілдір бас тоспасының басына арнайы барып, «Д.Алтынбеков» және «Көкмардан» каналдарының ағын су лимитін арттыру мәселесін талқылады.
Аймақтағы егін шаруашылығы аудан экономикасының негізгі драйвері болғандықтан осы ағын су тапшылығының алдын алу ең күрделі мәселелердің бірі болатыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда қос каналдың аяқжақ бөлігіндегі су тапшылығы орын алып келе жатқан аумақтағы түйінді мәселелердің шешімін табу үшін тиімді жолдарды қарастырып, сала мамандарына су деңгейін тұрақты ұстап тұру, кезекшілік қою секілді мәселелер бойынша тапсырма берді.
Аралау барысында аудан басшысы шаруаларға қажетті ағын суды жеткізу ең негізгі міндет екенін ескертіп, осы бағыттағы жұмыстарды қадағалауды жауапты сала орынбасарына жүктеді. Аудан әкімі аталған жұмыстар өзінің тікелей бақылауында болатындығын ескертті.

Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Алдыңғы

О приглашении присоединиться к Конвенции Совета Европы о взаимной правовой помощи по уголовным делам

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *