ЖаңалықтарЖастар саясатыМәдениет

Балалық шаққа жетелейтін туынды

Қазақ әдебиетінің алтын қорынан ойып тұрып орын алған Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі шығармасы — «Менің атым Қожа» талай буынның жүрегінде ерекше орын алған туынды. Осы көркем шығарманың желісімен түсірілген фильм енді жаңа форматта, жаңаша мазмұнда көрерменге қайта жол тартты.

Кинорежиссер Қуат Ибрагимовтың бастамасымен жарық көрген «Менің атым Қожа: Жаңа саяхат» фильмі Қожаның өмірін бүгінгі күннің шындығымен ұштастыра отырып, көрерменге тың әсер, жаңа көзқарас сыйлайды. Бұл жоба тек римейк емес — бұл балалық шаққа жасалған терең әрі шынайы саяхат.

Аталған туынды Қаратал ауданының орталық алаңында үлкен экран арқылы көрсетіліп, аудан тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Балалық шағының бал күндерін еске алған көрермендер фильм соңында, ұйдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.

«Менің атым Қожа: Жаңа саяхат» — бұл тек ескі фильмнің жалғасы емес, бұл — рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды бүгінгі ұрпақпен қайта табыстыру. Қожа бейнесі арқылы біз өз ішкі әлемімізге, бала көңілімізге қайта ораламыз.

Қобланды АБЕНОВ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУҒА ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

КЛУБ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *