Аймақ

ҚАЗЫҒҰРТА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Қазығұрт ауданының басшысы Азизхан Исмайылов өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру мақсатында іс-сапармен Сарапхана ауылдық округіне барды. Өңір әкімі аталған ауылда орналасқан жеке кәсіпкер Мықтыбек Меңлібековтың 1 гектар жерді қамтитын балық өсіру шаруашылығымен танысты. Мұнда майшабақ, сазан, алабұға, бекіре, жайын, табан, жалпақ, тұқы, шортан және көксерке сияқты балық түрлері өсірілуде. Жобаның жалпы құны — 10 млн теңге. Қазіргі таңда мұнда 1 адам жұмыс істейді. Жылдық өндіріс қуаттылығы — 1 тонна.
Сапар аясында аудан әкімі Қарабау ауыл округіндегі 3 гектар аумақта орналасқан, жалпы құны 50 млн теңге болатын “Ақсылбат-Құс” ЖШС балық өсіру жобасының жұмысымен де танысты. Болашақта бұл шаруашылық қосымша 5 гектар аумақты игеру жоспарлап отыр. Кәсіпорын жылына 100 тоннаға дейін балық өсіруді жоспарлауда.
Сонымен қатар, өңір басшысы Қызылқия ауыл округіндегі ең ірі жобалардың бірі — “KAZYQURT BALYQ” ЖШС-нің жұмыс барысымен де танысты. Жалпы құны 250 млн теңге болатын бұл жоба толық іске қосылғанда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы — 1000 тонна балық өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ, балық өнімдерін қайта өңдеу бағыты да қолға алынбақ. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп, сазан балығының шабақтарын алу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *