Құркелес ауылдық округіне қарасты Береке, Нұрлы жол және Жаңаталап елді мекендерінде тұрғындарға қолжетімді медициналық қызмет көрсету мақсатында жаңа медициналық нысандардың құрылысы басталды. Медициналық нысандардың құрылыс барысымен танысу мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір нысанға арнайы барып, құрылыс алаңдарын аралады. Аймақ басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасы мен мерзімдік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Құрылыс жұмыстарын «CK ABU GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттардың қабырғалары қаланып, шатырын жабу жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылуда.
Аталған жобалар іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қолжетімділігі артып, жергілікті денсаулық сақтау инфрақұрылымы едәуір жақсарады.
Сонымен қатар, аудан басшысы Жаңаталап елді мекеніндегі А.Оразбаева көшесінің аяқ жол төсеу жұмыстарының барысын бақылады.
Аяқ жол орнату жұмыстарын «ЖилЖолСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жүргізілуде. Жобаға сәйкес жалпы ұзындығы 2,7 шақырымға жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол орнату қарастырылған.
Comments